Бөгембай би кесенесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы Зеренді ауданы Бөгенбай би с.
Қысқаша ақпарат: Кенесарының хандық құрып тұрған кезінде данагөйлігінің арқасында қырғыз бен қазақ арасындағы бір үлкен дауға араша болып барған тапқыр Бөгенбай. Бөгенбай би Кенесары ханның кеңесшісі және сенімді өкілдерінің бірі болған. Бөгенбай би шешендік және соғыс тәсілдерін жеттік меңгерген. Ол осы шеберлігімен туған жеріне шапқан жауларды жеңе білген. Халық оны өз жерінің қорғаушысы деп таныған. Қазақ жерінде дүниеге келген, есімдері кең тараған алды Бөгенбай батыр, шешен, би, қолбасшы, Әз деген атақ берілген атамыздың өткеніне көз жүгіртіп тарихты қадағалап отырған ағаларымыздың есінде болуы керек. Бөгенбайлардың ішіндегі данагөйлігімен, тапқырлығымен, ел арасындағы асқан беделінің арқасында Әз, Көмекей Бөгенбай атына ие болған Бөгенбай Құттықадамұлы 1761 жылы Зеренді ауданының Лосевка деген жерінде дүниеге келіп, сонда жерленген.
Абылайды көзі көрген, Кенесары ханның батырларымен үзеңгілес болып талай ұрыс-тартыстарда, ел арасындағы шешілуі қиын түйіндерді тілге тиек еткен шешен, сөздің майын тамыза сөйлей алған тапқыр, көріпкелдігі бар, дуалы ауыз, жаужүрек батыр болған екен дейді тарих. Халық алдында беделі үстем болғандықтан ақылгөй – «данагөй Бөгенбай» деп те атаған. Атамыздан тараған ұрпақ осы күні Айдабол, Бөгенбай, Сандықтау жерлерін қоныстанған. Бабамыздың өз ұрпағы Жарылғап батыр, Шауыпкел, Төлебайлар ел үшін жанын отқа салған батырлар. 2007 жылы Лосевка елді мекеннің аты Бөгенбай биге ауыстырылды. Оның мазарын 1890 жылы Зерендіден оңтүстікке қарай 25 шақырым, Көкшетаудан 72 шақырым жерде, Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 372 шақырым, Айдабол өзенінің оң жағалауына қарай орналасқан.
Бөгенбай би ХІХ ғасырда өмір сүрген. Көріпкелділіктің арқасында әулие қатарына қосылған. Бөгенбай би 105 жасында өмірден өткен екен. 2006 жылы Зеренді ауданы Бөгенбай би елінде Көмекей Бөгенбай би мен Тоғайұлы Әзбатырға арнап ені 7 метрге жуық қызыл кірпіштен мазар тұрғызылды.
Жергілікті өлкетанушы: Жақашев Төлеген Шемретұлы.
