Өрес ханым жерленгенжері
Орналасқан жері: Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпинка ауылының батысында 2 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қысқаша ақпарат: Қарауыл ақынның сөздері бойынша «Ханым Өрес жолының бойында Дөңгелекқау жолы бар». 1896 жылы Дөңгелекқаудың орнында Урюпинка ауылы пайда болды. Бұл жерге Волгоград аймағының Урюпинка қаласынан қоныс аударған тұрғындар көшіп келді.
Шоқан Уәлихановтың хаттарына сәйкес, Абылай ханның он екі әйелі болған. Абылай хан көп уақытын сүйікті әйелі Өрес ханымға бөлді.

Абылай хан əр жұрттан он екі əйел алған. Қырық қыздың, отыз ұлдың əкесі болған. Хан Алатау мен Оралтау арасында, Түркістан мен Қызылжардың арасында қалың əскермен жортып жүргенде Өрес ханымды алып жүрді. Абылай ханның əйелінің біреуі ғана қазақ қызы, өзгесінің бəрі қарақалпақ, қалмақ, қырғыз, өзбек, қыздары. Ел мен елді жауластырмайын деп əр жұрттан қыз алған екен. Ендеше осы жол үстінде кенеттен қайтыс болған ханымды өрес сұлу десек, қателеспейміз.
Жазушы, зерттеуші Жайық Бектұров өз жазбаларында: «Урюпинка ауылының үлкендерінің естеліктерінде Абылай хан батырларымен бір күнге Түркістанға келеді. Ол жолда Талқара өзенінің жағалауына тоқтауға ұйғарады. Ол жер Дөңгелекқаудың жанында орналасқан. Ауыл тұрғандары дәстүр бойынша ерулік дейді. Ауыл жанында үлкен қара жол жатыр Қызылжарға қарай (Қаражолды) кейде адамдар оны Абылай ханның қара жолы деп атап кеткен.
Аңыз – әңгіме: Бір күні Абылай ханға Шайқы - бұрқы бақсысы келген. Хан сұрады: «Болашақта мені не күтіп тұр?», деген сұраққа: « О,Ұлы хан, сүйікті әйелің қайтып кетеді, сен оны осы жерге жерле деген». Бірақ Абылай хан бақсының айтқанын тыңдамай жүре берді. 25 шақырым жол жүрген соң әйелі Өрес ханым қайтыс болады. Сонда Абылай хан бақсының сөздерін еске алып, сол орынға оралып, әйелін бақсы айтқан жерге жерлейді. Содан бері бұл жер «Ханым сүйегі» деп аталады (останки Ханым Орес).
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
- Бектұров Жайық. Енеден ерте айрылған төл секілді... Алматы. – ЖШС. – «Қазақстан» баспа үйі», 2002. – 446-447 бб.
- Бекмаханов Е., «Казахстан в 20-40-е годы ХІХ века»: Учебник. - Алма-ата: «Қазақ университеті», 1992г. 400стр.
- Бөкейхан Ə., Таңдамалы(избранное)/ Гл.ред. Р.Нургалиев. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995.
- 11. ҚОММ., 1558-қ., 1-т., 83-іс, «Читателям очерк о Кенесары». Очерк. Машиналық нұсқа. Орыс тілінде. «Этот степной митридат». Последствие к публикации очерка Н.Середы о Кенесары Касымове.
- Кенесарыұлы А., Кенесары жəне Сыздық сұлтандар/ Қазақша аудармасы, Ғ.Ахмедов,- Алматы: Жалын, 1992.-48 б