Тіржан қажының жерленген жері
Орналасқан жері: Ақмола облысы Зеренді ауданы Бәйтерек а.
Қысқаша ақпарат: Зеренді «ақбөкенді» білдіреді, себебі «Зерен» - «ақбөкенді» білдіретін моңғол сөзі. Зеренді - өзінің тарихына бай, ата-бабаларымыздың, батырлардың лайықты ұрпақтары туған, көлдер, бұлақтар, құз бен тастар, әдемі жерлердің сиқырлы әлемі.
Қасиетті де қадірлі, жер жәннатындай жүрекке жылы, бір кездері құрып кеткен өзінің құралай көз «Зерен» атты аңының кербез сұлулығындай Зеренді топырағында түлеген, елінің халқының қадір құрметіне бөленген, ауыз толтырып айтар ардақты азаматтары аз болмаған. Солардың бірі, руы қылды Тарағай тармағынан шыққан Тіржан Байғожаұлы. Ол Зеренді селосынан сырық сілтем жердегі бұрынғы Подлесный, қазіргі Бәйтерек ауылынан сәл әрі, Жыланды беткейіндегі суы балдай Тасбұлақ деген жерде (соңынан Тіржан ауылы атанған) 1855 жылы дүниеге келген. Арғы аталары Жанқұл, Мөжіктер де ауқатты, осы өңірде өмір сүрген адамдар. Азан шақырып қойған аты Әміре, белгілі себептермен Тіржан аталып кеткен.

Өте нәренжік оны әжесімен анасы сұраған жанға «Әйтеуір бір тірі жан ғой, ілігіп кетсе болды» - дейді екен. Содан тірі жанымыз Тіржан аталып кете барған.
Қараөткел жерінің оңтүстік-шығысында орналасқан Тіржан жайлауының жоғарғы жағындағы Қарағаштың бауырында бертінге дейін қара шошала қалқиып тұрды. Осы жерді “ Жеті жерошақ” деп те атайды. Бұл атаудың пайда болуына байланысты ел аузында аңыз-әңгіме баршылық. Сол кезде ауылдарда тоқшылық кез 1000-ға тарта үйір-үйір жылқылар, қора іші ешкі, лақ - малға толы. Түнге дейін Танмбек, Шакейби, Ақан сері, Обырой, Науан, Азнабай, Нығмет, Ташен бай сияқты құрметті және ақылгөй адамдар бас қосып, өз ойларымен бөліскен. Сол жерде Тіржан да болды.
2013 жылы атақты өнертанушы, композитор Ілияс Жақанов «Адам» деген кітабының 175 бетінде былай деп жазған: Бір күні Ақан сері баласын шығарып салу кезінде Жыланды таудың қасынан өтіп бара жатып, Тіржан қазы ауылына келеді. Сол ауылда Ақан серіні құрметті қонақ ретінде қарсы алып, сауық-сайран құрды. Тіржанның үйінде Ақан сері Балқадиша әнін орындады деп Сәкен Жүнісіов өзінің шығармасында баяндаған. Тіржан қажыны Зеренді ауданы Бәйтерек ауылына қойды.
Деректемелер: жергілікті ақсақалдардың әңгімелерінен
